ТҮРКИЯДА TİKA ТӨРАҒАСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

  • 16.04.2025
  • KZ

image

Университетіміздің Өкілетті Кеңес төрағасы, профессор Мұхиттин Шимшек пен ректор Жанар Темірбекова Түркияның Ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA) төрағасы Серкан Каялармен кездесті. 

Кездесу барысында екі тарап бұрын бірлесіп жүзеге асырған жобаларды, соның ішінде TİKA ұйымының қолдауымен іске қосылған инфрақұрылымдық және білім беру бастамаларын саралады. 

Университет ректоры ұйымның көмегімен оқу орнымызда жаңа заманауи лабораториялар жабдықталғанын атап өтті. Алдағы уақытта Серкан Каялардың Түркістан қаласына арнайы сапары барысында жаңа лабораториялардың ресми ашылу салтанатына қатысуы жоспарланды. Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанда өтетін кезекті кездесу университет үшін де, қала халқы үшін де пайдалы болмақ. 

Айта кетейік, университетіміздің тұрақты серіктесі TİKA осы күнге дейін бірнеше заманауи лабораторияларды жабдықтауға қолдау көрсеткен еді. 

Сондай-ақ, кездесуде екі жақ болашақта білім, ғылым және технология салаларындағы серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірді. Университет басшылығы материалдық-техникалық, инфрақұрылымдық және білім беру бастамаларына үнемі қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін TİKA басшылығына алғыс білдірді.