ФАКУЛЬТЕТАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР ЛИГАСЫ БАСТАЛДЫ

  • 20.02.2024
  • KZ

image

Бүгін университетімізде факультетаралық «Студенттер лигасы» басталды.

Студенттер лигасының мақсаты – салауатты өмір салтын студенттер арасында кеңінен насихаттау, спорттық іс-шараларды өткізу арқылы студенттерді Отансүйгіштікке және адамгершілікке тәрбиелеу, денсаулығын нығайту, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, достығын нығайту, сондай-ақ спорт түрлері бойынша университет құрама командасын жасақтау.

Ашылу салтанатында әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Асқар Тұрғанбаев университетіміздің спорттағы жетістіктеріне ерекше тоқталып, мұндай сайыстардың жастар арасында қаншалықты маңызды екенін айтты. Қатысушы барлық командаға сәттілік тіледі.
Спорттық додада 9 факультет пен «Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби» колледж командалары өзара бақ сынайды. Студенттер кіші футбол, ерлер және қыздар арасында волейбол, үстел теннисі спорт түрлерінен сайысқа түседі.

Лигаға қатысушы командаларға сәттілік тілейміз!