«ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНДАРЫ: ӨЗЕКТІЛІГІ МЕН БОЛАШАҒЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ АЯҚТАЛДЫ

Конференцияға жоғары оқу орындары, кәсіптік және техникалық, орта, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтары мен студеттері, оқушылар да қатысты.
Айта кетейік, іс-шараны ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен университетіміз бірлесе ұйымдастырды.
Екі күнге созылған жиында ұлттық зиятркерлік ойындарға қатысты маңызды ақпараттар айтылды. Секциялық отырыстарда Ұлттық спорттық ойындардың білім беру ұйымдарындағы рөлі, Түркі халықтары зияткерлік ойындарының өзектілігі мен болашағы сынды өзге де тақырыптар қозғалды.
Қатысушылар зияткерлік ойындарға қатысып, өзара бақ сынады. Жеңімпаздарға сый-сияпаттар табысталып, сертификаттарға ие болды.
Осылайша, түркі халықтарының зияткерлік ойындарын насихаттауды мақсат еткен ғылыми-практикалық конференция жоғары деңгейде өтті.