СТУДЕНТТЕРІМІЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде өткен пәндік жарысқа 2,3,4-курс студенттері: Сұлтан Болыс, Бабажан Садулла, Олжас Сүлейменов, Мағжан Сапарбек қатысты. Білімгерлеріміз 14 университеттің ішінен оқ бойы оза шауып, командалық есеппен 3-орынды жеңіп алды. Сонымен қатар, жеке номинация бойынша тест тапсырмаларын орындау мен Әскери спорттық эстафета сайысынан 3-орынды иеленді.
Студенттерімізді айтулы олимпидаға дайындаған – «Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық» кафедрасының аға оқытушысы, Запастағы полковник Бақытжан Қуанышбаев.