УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ РЕКТОР ӨКІЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРІК ЦИВИЛИЗАЦИЯСЫ КОНГРЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

Нажи Генч конгрестің ашылу салтанатына және панельдік сессияларына қатысып, университеттер арасындағы академиялық ұтқырлық, бірлескен ғылыми жобалар мен мәдени алмасулардың маңыздылығына тоқталды. Шара аясында Манас университетінің басшылығымен кездесіп, Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің атынан арнайы сыйлықтар табыстады.
Біздің университетімізден бөлек, конгреске Түркиядағы Неджметтин Эрбакан университеті және Гази университеті ресми серіктес ретінде қолдау көрсетті.
Шарада түркі халықтарының ортақ тарихы, тілі, әдебиеті, өнері және қазіргі заманғы жаһандық үдерістер аясындағы ынтымақтастығы туралы айтылды.