«ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ: ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ОЛ ДА – ӨНЕР!» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Маңызды шараны «Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету» бөлімі мен «Спорт және өнер» факультеті ұйымдастырды.
Басты мақсат – қайта өңделетін материалдардың пайдасы туралы түсіндіру. Табиғатты аялауға бағытталған игі істерге баулу және студенттердің белсенділігін арттыру.
Студенттер қайта өңделетін заттардан өнер туындыларын дайындады. Сондай-ақ, экокөрмеге қатысты.
Табиғатты сақтау мен қорғаудың маңызын ұғындырған іс-шарада қатысушылар уақыттарын қызықты, әрі тиімді өткізді.