РЕКТОР МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

  • 22.04.2025
  • KZ

image

Бүгін оқу орнымыздың ректоры Жанар Амангелдіқызы Темірбекова «Қазақстан халқы Ассамблеясына — 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Марапатты табыстау рәсімі университет қабырғасында өтті. Құрметті награданы Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Баетов Ерназар Көпжасарұлы арнайы келіп тапсырды.

Аталған медаль Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 8 сәуірдегі Жарлығы негізінде табысталып отыр. Бұл – еліміздегі қоғамдық келісімді нығайту мен этносаралық татулықты сақтауға қосқан үлесі үшін берілетін ерекше марапат.