ЕҢБЕК АДАМЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Аталған игі іс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауымен үйлесіп, қоғамда жұмысшы еңбегіне деген көзқарастың өзгеріп келе жатқанын дәлелдеді. Университет ұжымы бұл әрекетті өнегелі бастама ретінде бағалап, көпке үлгі болатынын атап өтті.
Сонымен қатар, бұл шара «Таза Қазақстан – университеттердегі экологиялық мәдениетті қалыптастыру» атты республикалық апталық аясында, 25 сәуір – Велосипед күніне орай ұйымдастырылды. Бұл күннің мақсаты – экологиялық таза көлікті насихаттау, зиянды шығарындыларды азайту және салауатты өмір салтын қолдау.
Филология факультеті деканының бастамасы аталған апталықтың мазмұнын байытып, экологиялық мәдениет пен адамгершілік құндылықтарды насихаттауға үлес қосты.