УНИВЕРСИТЕТІМІЗГЕ ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАС КОНСУЛЫ КЕЛДІ

  • 20.02.2024
  • KZ

image

Бүгін оқу ордамызға Францияның Қазақстандағы Бас консулы Фабрис Неве келді.

Бас консул ең алдымен университетіміздің ректоры Жанар Темірбековамен кездесті. Сондай-ақ, басқосуға қаржы және халықаралық байланыстар вице-ректоры Мустафа Нурсой мен Халықаралық байланыстар департаментінің директоры Фуркат Дадажанов қатысты.
Кездесуде алғашқы сөз тізгінін алған ректор Жанар Темірбекова оқу ордамызға арнайы келген Бас консул Фабрис Невеге алғысын білдірді.

Ал, Бас консул Фабрис Неве қонақжайлық танытқан университет басшысы мен ұжымына өз ризашылығын жеткізді.
Келесі кезекте, қонақтарды университетіміздің терең тарихы мен жетістіктері, білім беру бағдарламалары, миссиясы, шетелдік студенттер мен барлық білімгерлерге оқу орда ұсынатын мол мүмкіндіктер сияқты т.б маңызды мәліметтермен таныстырды.
Басқосуда болашақта университетіміз бен Францияның жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық орнату арқылы, студенттер мен оқытушылар үшін француз-қазақ тілдерін үйрету, алмасу бағдарламаларын жүзеге асыру сынды маңызды мәселелер талқыланды. Осы тақырыпқа байланысты Түркия мен АҚШ-тың халықаралық ауысым бағдарламалары, жүзеге асқан өзге де келісім шарттармен қатар, әлемдік практикадағы академиялық ұтқырлық бағдарламалары сараланды.

Тараптар келешекте Францияның жоғары оқу орындары мен Ясауи университеті үшін тиімді келісімдер жасауға болатынын ескеріп, егжей-тегжейлі зерделеніп, талқыланудан өткен соң шешім қабылдауға келісті.

Жиыннан соң Бас консул Фабрис Неве «Түрік әлемінің тарихи панорамалық» мұражайын, «Археология» мұражайы мен «Қазақстан карталары» көрмесін, «Ұлы Дала тарихы» галереясын аралады.