ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІНЕ ОРАЙ «ОҚЫРМАНДАР САЙЫСЫ» ӨТТІ

Іс-шараның ашылу салтанатында Журналистика кафедрасының магистр оқытушысы Әтіргүл Ташимова мен Кітапхана директорының орынбасары Алтынай Нысанбаева ақ тілектерін арнады. Ұлттық кітап күні мен кітап оқудың адамзатқа берер рухани пайдасы туралы терең ойларымен бөлісті.
Сайыс барысында өлең сүйер студенттер белгілі ақындардың төл шығармаларын мәнерлеп оқыды. Өлең жолдарынан шашу шашып, ерекше леп сыйлады.
Әдеби кештің ерекше бір бөлігі Kahoot платформасы арқылы ұйымдастырылған сұрақ-жауап сайысы болды. Қатысушылар Дулат Исабековтың «Гауһар тас» шығармасы мен Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» туындыларынан сұрақтарға жауап беріп, өзара бақ сынады.
Жиын соңында жеңімпаз жастар мен белсенділік көрсеткен студенттерге сый-сияпаттар табысталды.