«БИ-СҰЛТАН» БИ АНСАМБЛІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ГРАН-ПРИ ИГЕРІ АТАНДЫ

  • 28.04.2025
  • KZ

image

Университетіміздің «Би-Сұлтан» би ансамблі Республикалық «Turan Dance» би байқауында Гран-при игері атанды. Мың бұралған бишілерміз «Заманауи би» жанры бойынша жоғары деңгейде өнер көрсетті. 

«Turan Dance»  байқауы – ұлттық би өнерін дәріптеумен қатар, еліміздің әр өңірінен келген бишілер арасындағы шығармашылық байланысты нығайту, тәжірибе алмасу және би өнеріндегі жаңа таланттарды тану алаңына айналды.

Айтулы байқауға еліміздің әр өңірінен келген кәсіби би ұжымдары қатысты. Ал, қазылар алқасы бишілердің техникасы мен хореографиясына, эмоциялық әсері мен музыканы сезінуіне және қозғалыс динамикасына баса назар аударып, жеңімпаздарды анықтады.

Университетіміздің мақтанышына айналған «Би-Сұлтан» бишілері жеңіс тұғырынан көрініп, 1,5 миллион теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. 

Айта кетейік, «Би-Сұлтан» – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің шешімімен «Халықтық» атағына ие болған, университетіміздің Мәдениет орталығының жанынан ашылған би ансамблі. Көптеген халықаралық және республикалық би жарыстарында топ жарып жүрген өнерлі жастардың ортасы, оқу орда мақтанышы. Жетекшісі – ҚР үздік хореографы, ҚР мәдениет қайраткері Тәуекелова Гүлназия Есенгелдіқызы.

Университет атын асқақтатқан ансамбльдің жеңісі құтты болсын!