УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ «БОЛАШАҒЫМЫЗ БІРЛІКТЕ» VIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ

Ашылу салтанатында университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Құрметті қатысушылар, түркі әлемінің рухани астанасы, киелі шаһар Түркістанға қош келдіңіздер. Бүгінгі басқосу – әдемі бір дәстүріміздің жалғасы іспетті. Бүгін біздің кішігірім мерейтойлық турнир десек те болады. Себебі биыл бұл турнирдің өтіп жатқанына 10 жыл толып отыр. 2015 жылы алғашқы турнир өтсе, биыл 8-рет жиналып отырмыз. Шара бұдан кейін де жалғасын табады», – деп қатысушыларды мерейтоймен құттықтады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Абылайхан Наурызбаев:
«Мұндай шаралар жастардың ой-өрісін кеңейтіп, ойын айқын және негізді түрде жеткізу дағдыларын дамытады. Ал біздің қоғам осындай жастарға мұқтаж», – деп жастарға сенім білдірді.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бастамашыл жастарды мемлекеттік қызметке тартуға, оларға қолдау көрсетуге мүдделі екенін айтты. Жақында мемлекеттік грант негізінде жоғары оқу орындарын үздік аяқтаған түлектер оқу бітірген соң бір жыл ішінде мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз қабылданатынын атап өтті.
Екі күнге созылған турнирде қатысушылар бірнеше іріктеу кезеңі мен плей-офф кезеңдерінен өтіп, финалда өзара бақ сынасты.
Турнир нәтижесі бойынша:
ALPHA лигасы:
1-орын – Бексұлтан Әбдінасырұлы мен Асылжан Мұратұлы
2-орын – Мейрамбек Теңес пен Рамазан Бексейт
3-орын – Ерназ Құрақбай, Бағлан Өтесін, Сандуғаш Жаңабай және Ақбота Жаңабай
BETA лигасы:
1-орын – Азамат Тоқберген мен Нұрдаулет Тілеумұратов
2-орын – Әсем Рахымжанқызы мен Гүлсезім Ерғожиева
3-орын – Балсезім Түзелбай, Аружан Сансызбай, Бекзатхан Махамбет және Азиза Берік
Турнир барысында арнайы марапаттар табысталды:
Ең үздік спикер – Жеңіс Құнанбек
Үздік спикер – Бексұлтан Әбдінасырұлы
Ең үздік төреші – Рақымжан Есбалта
Үздік төреші – Мәдина Үсен
Үздік идея иегері – Шұғыла Ералы
Қатысушылар білімімен ғана емес, шешендік шеберліктерімен де көзге түсіп, пікір алмасу мәдениеті мен сыни ойлау қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.
«Болашағымыз бірлікте» турнирі жыл сайын жастар арасында зияткерлік мәдениетті нығайтып, ел болашағына үлес қосатын көшбасшыларды қалыптастыруға ықпал етеді.