ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ МАҢЫНДА ЖАҢА БАҒДАРШАМ ОРНАТЫЛДЫ

  • 28.04.2025
  • KZ

image

Университетіміздің Филология факультетінің корпусына қарама-қарсы жолда бағдаршам іске қосылыпжаяу жүргіншілерге арналған жолақтар сызылды.

Түркістан қаласы, Қазыбек би көшесі №216 мекен-жайында орналасқан оқу орданың бұл корпусында 1600-ден астам студент білім алса, 120-дан аса ОПҚ қызмет етеді.

Айта кетейік, біршама уақыт бұрын, оқу орда басшылығы Филология факультеті маңына бағдаршам қою мен жаяу жүргіншілерге арналған жолақтар салу бойынша әкімдіктерге хат жазған еді. Оқу орда ұжымы білімгерлер мен қызметкерлердің жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысқан Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы мен Түркістан облыстық Полиция департаментінің басшысы, полиция генералы Мұрат Қабденовке алғыс білдіреді.

Осылайша тек студенттердің ғана емес, қала тұрғындарының жол қауіпсіздік ережелерін сақтап, қауып-қатерлердің алдын алу шаралары жүргізілді.