МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫНА САЯХАТ ЖАСАДЫ

  • 29.04.2025
  • KZ

image

«Таза Қазақстан» - университеттердегі экологиялық мәдениетті қалыптастыру акциясы аясында оқу ордамызда түрлі шара ұйымдастырылды. 26 сәуір - Ғылымдағы балалар күніне орай «Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету» бөлімінің ұйымдастыруымен «Ғылымдағы балалар күніне орай мектеп оқушыларымен ботаникалық баққа саяхат»атты іс-шара өтті. 

Шараға Түркістандағы №33 жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысып, ботаникалық баққа танымдық саяхат жасады. Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлығын, ғылымға деген қызығушылығын арттырып, олардың болашақ мамандық таңдауларына оң ықпал етеді. 

«Таза Қазақстан» акциясы аясында 26 сәуірдің арнайы ғылымдағы балалар күні болып белгіленуі де бекер емес. Атаулы күннің мақсаты - мектеп пен колледждерде білім алып жатқан жас ұрпақты жоғары оқу орны базасындағы экологиялық зертханалар, жылыжайлар, ботаникалық бақтар мен музейлер сияқты орындарға апарып, экскурсия жасату арқылы балалардың экология ғылымына деген көзқарасын қалыптастыру. 

Осындай маңызды шараларды университет қабырғасында ұйымдастыру арқылы университет ұжымы жергілікті аймақтың экологиясына ғана емес, жалпықоғамдық санаға әсер етуді көздейді.