УНИВЕРСИТЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА «ТҰРАН ДАУЫСЫ – 2025» ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

  • 29.04.2025
  • KZ

image

Университетімізде оқытушы-профессорлар құрамы мен әкімшілік қызметкерлер арасында жыл сайын өтетін дәстүрлі «Тұран дауысы» ән байқауы биыл да өз жалғасын тапты. 

Байқаудың мақсаты – оқытушы-профессорлар құрамы мен әкімшілік қызметкерлердің және шетелдік қызметкерлердің әнге, өнерге деген қызығушылығын арттыру, университеттегі жұмысы мен өнерді қатар алып жүргендердің талантын көпшілікке таныту. 

Университетіміздің әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов өнер мен өмірді қатар алып жүрген қызметкерлерге ризашылығын білдіріп, сәттілік тіледі. Университет басшылығы байқау демеушілері «Sat» отбасылық мейрамханасына, Ja-Di сұлулық салонына, «Аблаевна Нұржамал» косметологиялық орталығы мен университетіміздің Медиа және PR орталығына серіктестігі үшін алғыс хат табыстады.

Байқауға қатысушылардың өнерін Мәдениет орталығының жетекші маманы Нұриддин Молдабаев, «Ақжайық» музыкалық мектебінің вокал пәні мұғалімдері Жарқынай Оразбаева мен Исамиддин Низамов бағалап, қазылық етті. 

Университетіміздің әр түрлі бөлімдерінде қызмет етіп жүрген 12 қатысушы байқауда екі кезең бойынша бақ сынады. Бірінші кезеңде патриоттық әндер шырқаса, екінші кезеңде еркін тақырыптағы өнер туындысын орындады. 

«Тұран дауысы – 2025» байқауының нәтижесі бойынша Бас жүлдені Шаруашылық бөлімінің кіші қызметкері Ажар Сандықбаева жеңіп алды. 

1-орын Спорт және өнер факультеті, Орындаушылық өнер кафедрасының лаборант маманы Аңсаған Сәрсенбайға бұйырды. 

Ал 2-орынды Филология факультеті, Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының магистр оқытушысы Жанар Жүнісбаева иеленсе, 3-орынға Лингвистикалық орталықтың ағылшын тілі мұғалімі Кевсер Саадет Тоған лайық деп танылды. 

Байқауда патриоттық әндерден бөлек, әлемнің классикасы шырқалып, жиналған қауымға ерекше әсер сыйлады.