№9 СЕНАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Басқосу дәстүрге сай университетіміздің оқытушы-профессорлар құрамын мерейтойларымен құттықтау және жетістіктерімен марапаттау рәсімімен бастау алды.
Ең алдымен, ректор Жанар Темірбекова Академиялық мәселелер вице-ректоры Эльмира Идрисованы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісіне ие болуымен құттықтады.
Келесі кезекте, Қазақ философиясы кафедрасының доценті Әдемау Толысбаева мен Орыс тілі әдебиеті кафедрасының аға лаборанты Гүлнара Далхадирқызын 50 жас мерейтойымен құттықтап, сый-сияпаттар табыстады.
Бұдан әрі күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша баяндамалар жасалды. Академиялық мәселелер вице-ректоры Эльмира Идрисова 2025-2026 оқу жылына профессор-оқытушылар құрамының жылдық жүктеме мөлшерін талқылау мен бекіту жайлы, ал, 2025-2026 оқу жылына қабылданатын білімгерлер контингентін жоспарлау туралы Қабылдау комиссиясының хатшысы Нұрбол Байбахов баяндады.
Сондай-ақ, 2025-2026 оқу жылына ақылы негізде оқуға қабылданатын білімгерлер үшін оқу ақысының мөлшерін бекіту, 2025-2026 оқу жылына Қабылдау комиссиясының құрамын бекіту, Университет ОПҚ-ның дайындаған оқулық, оқу құралын бекіту және РОӘК-не Гриф алуға және баспаға ұсыну сынды т.б маңызды мәселелер қаралды.