«МЕН, ӨЗГЕ ЖӘНЕ ӨЗГЕСІ» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

  • 22.02.2024
  • KZ

image

Бүгін Астанада университетіміздің Өкілетті кеңесінің мүшесі, түркиялық ғалым, мемлекет қайраткері профессор, ғылым докторы Ибраһим Калынның қазақ тіліне аударылған «Мен, өзге және өзгесі: Ислам-Батыс қарым-қатынасының тарихына шолу» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті бірлесіп өткізілген іс-шараға Елші Мұстафа Капужу, Қазақстан Парламент Сенаты Қазақстан-Түркия достық тобының жетекшісі, сенатор Нұртөре Жүсіп, сенатор, профессор, ғылым докторы Дархан Қыдырәлі және «Отандастар» қорының төрағасы Абзал Сапарбекұлы, оқу орнымыздың Өкілетті кеңес төрағасы профессор, ғылым докторы Мұхиттин Шимшек пен ректор Жанар Темірбекова, сондай-ақ, Астанадағы ғылым, білім мекемелерінің өкілдері қатысты. 

Іс-шарада жаңа кітап сыйлық ретінде тарту етілді.