ОРДУ УНИВЕРСИТЕТІНЕН ОҚУ ОРДАМЫЗҒА САПАР: «АНА ЖҰРТТАН АТА ЖҰРТҚА – ДЕНСАУЛЫҚ КӨПІРІ-3» ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ

  • 30.04.2025
  • KZ

image

«Ана жұрттан ата жұртқа денсаулық көпірі – 3» жобасы аясында Түркияның Орду университетінің дәрігерлері университетімізге келіп, дәріс пен семинар сабақтар өтіп, ота жасауға да қатысты.

Қонақтар қатарында Орду университетінің ректоры, профессор доктор Орхан Баш, вице-ректоры профессор доктор Хакан Тимур, профессор доктор Йурдал Серарслан, доцент доктор Абдуллах Алпер Шахин, доктор Туба Гүл және Фатих Аккая болды. 

Дәрігерлер университетіміздің клиникалық-диагностикалық орталығында науқастарды қабылдап, тексеру жұмыстарын жүргізіп, бірнеше ота жасады. Шетелдік мамандар клиникадағы басқа процестерге де белсене қатысып, білім және тәжірибе алмасты. 

Одан бөлек, әр дәрігер өз саласы бойынша семинар сабақ өткізіп, медицина факультетінің студенттерімен кездесіп, сұрақтарына жауап берді.

Бұл жоба екі оқу орны арасында ғана емес, екі ел арасындағы білім беру және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосты.