АДАЛ ЕҢБЕК ЖЕМІСІ – ОҚЫТУШЫЛАР ТҮРКИЯҒА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУҒА АТТАНДЫ

Басты мақсат – Түркия Республикасының ЖОО-ы мен университет арасында білім, ғылым, ғылыми зерттеу мен өзге де салалардағы халықаралық ынтымақтастық аясында академиялық байланысты жақсарту, тәжірибе алмасу.
Университет ректоры Жанар Темірбекова мен ректор өкілі м.а Нажи Генч оқытушыларды арнайы қабылдады. Оларға ақ жол тілеп, еңбектерінің ешқашан елеусіз қалмайтынын, оқу орда қашанда жоғары бағалайтынын жеткізді.
Айта кетейік, оқытушылар қатарында университет іргесі қаланған күннен бастап жұмыс істеп келе жатқан, 33 жыл еңбек өтілі бар білікті мамандар да бар.
«Бұл оқу ордада жұмыс істеп келе жатқанымызға көп жыл болды. Алғаш рет Түркияға арнайы барып, тәжірибе алмасып, демалып қайтпақпыз. Бұл үлкен қуаныш! Еңбектің бағаланғаны деп білеміз! Осы мүмкіндікті ұсынған Өкілетті Кеңес пен университет басшылығына алғыс айтамыз!»,-деді оқытушылар.
Бүгінде университетіміздің оқытушылары Түркияға жетіп, іс-сапарының алғашқы күнін өткізді.