УНИВЕРСИТЕТ ӨКІЛЕТТІ КЕҢЕСІНІҢ 76 — МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

  • 26.02.2024
  • KZ

image

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті Кеңесінің 76 — мәжілісі өтті.

Астана қаласында ұйымдастырылған мәжіліске Өкілетті Кеңес Төрағасы, профессор Мухиттин Шимшек, Түркия Президент Кеңсесінің баспасөз хатшысы Ибрахим Калын, Түркияның Медениет және Туризм вице-министрі Сердар Чам, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, Қазақстанның Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры Медет Ақтанжанов, Назарбаев Университеті дербес білім беру ұйымының Жоғары білім беру мектебінің деканы Аида Сагинтаева, университет ректоры Жанар Темірбекова қатысты.

Басқосуда күн тәртібі бойынша Ректорат тарапынан атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. 2024-2025 оқу жылы Түркия Республикасынан, Түркі тілдес республикалар мен туыстас қауымдастықтардан және басқа мемлекеттерден қабылданатын студенттер контингентін, ТүрТЕП бағдарламаларына қабылданатын студент контингентін белгілеу туралы ұсыныстар талқыланды.

Сондай-ақ, 2023-2024 оқу жылында берілетін шәкіртақылы докторантура бағдарламалары арасында өзара өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Мәжілісте университет Сенатының кейбір қаулылары және Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжінің Жарғысы бекітілді. Жиында Ахмет Ясауи университеттің 2024-2029 жж. арналған Даму бағдарламасы да талқыланды.

Өкілетті Кеңес мәжілісіне қатысушылар отырыс қорытындысында жиынның нәтижелі өткенін тілге тиек етіп, қабылданған шешімдердің жемісті болатынына сенім білдірді.