СТУДЕНТТЕРІМІЗ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

  • 26.02.2024
  • KZ

image

23-25 ақпан күндері Ақтөбе қаласында қазақ күресінен жастар (ұлдар мен қыздар) арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Qazaq Kuresi Ассоциациясының бастамасымен ұйымдастырылған біріншілікте 2004-2006 жылдары туған балуандар 72 медальді өзара сарапқа салды.

Ұлттық құндылығымыз әрі төл спортымыз – қазақ күресін насихаттауды мақсат еткен додада оқу ордамыздың студенттері де жүлдегер атанды.

Атап айтқанда, ұлдар арасында 55 кг салмақ дәрежесінде Рузимон Тугушев І орынға ие болды. 100 кг салмақ дәрежесі бойынша Нұрлыбек Асенов пен 84 кг салмақта Асылжан Кәрім ІІІ орынға табан тіреді. Түйе балуан Алихан Назымханов ІІІ орынды иемденді.

Қыздар арасында 70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Ұлболсын Әділова ІІ орын алса, 70 кг дейінгі сайыста Ақбота Қыдырәлі ІІІ орынды қанжығасына байлады. Сондай-ақ, 44 кг салмақта ІІ орынды Шолпан Алтынбек жеңіп алды.

Жеңімпаз атанған балуан студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!