XIII ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДА: ДЗЮДОШЫЛАР ҚОРЖЫНҒА ҚОС АЛТЫН САЛДЫ

Спортшы студенттеріміз дзюдо күресінен 2 алтын және 3 қола медаль иеленді. Ерлер құрамасы – 1 алтын, қыздар құрамасы – 1 алтын және 2 қола медаль еншіледі. Бұған қоса, қыздар жалпыкомандалық есепте тағы бір қола медальді университет қоржынына салды.
Бұл жетістік – студент-спортшылардың тынымсыз еңбегі мен табандылығының, сондай-ақ, кәсіби бапкерлердің жоғары деңгейдегі дайындығының нәтижесі. Команданы жарысқа дайындаған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары – Халиллаев Абдісадық пен Файзиев Марат.
Айта кетейік, XIII Жазғы Универсиада жарыстары әлі жалғасуда. Алда басқа спорт түрлері бойынша жарыстар өтеді. Университет атынан сынға түсетін барлық спортшыларға сәттілік тілейміз! Жас спортшыларымыздың жеңісті жолы жалғаса берсін!