УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ ЕКІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛ ЖАРЫҚ КӨРДІ

  • 19.05.2025
  • KZ

image

Оқу орнымыз ғылым мен білім саласындағы тағы бір маңызды қадам жасады. Бұған дейін екі халықаралық ғылыми журнал – «Yassawi Journal of Health Sciences» (Медицина және қоғамдық денсаулық сақтау саласы бойынша) және «International Journal of Environmental Science and Green Technology» (Экология және жасыл технологиялар бағыты бойынша) ашылғанын бұрын хабарлаған болатынбыз. Бүгінде осы ғылыми журналдар өздерінің алғашқы сандарын ресми түрде жарыққа шығарды.

Бұл ғылыми басылымдар Медицина факультеті мен Экология ғылыми-зерттеу институтының бастамасымен құрылып, қазіргі ғылымдағы өзекті мәселелерді көтеретін алаңға айналуды мақсат етеді.

Университет басшылығы мен журнал редакциясы барша отандық және шетелдік ғалымдарды медицина, қоғамдық денсаулық сақтау және экология салаларындағы соңғы жылдардағы өзекті зерттеулерін жариялауға шақырады. Журналдар ашық қолжетімді форматта жұмыс істейді және мақалалар халықаралық талаптарға сай рецензияланады.

Журналға келесі сілтеме арқылы тіркеліп, осы бағыттағы мақалаларыңызды жолдауға болады: 

https://journals.ayu.edu.kz/index.php/ijesgt 

https://journals.ayu.edu.kz/index.php/yjhs