УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ ҒАЛЫМЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІНЕ КІРДІ

  • 26.02.2024
  • KZ

image

Университетіміздің жас ғалымы Саржанов Фахриддин Нурмахамедұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесі Президиумы құрамына енді.

Жуырда ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы жас ғылым көшбасшыларымен кездесу өткізді. Бұл – жас дарындарды ғылыми ортаға тарту бойынша ауқымды стратегияның бөлігі.

Кездесуде ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Басқарма Президенті Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев Ұлттық ғылым академиясында Жас ғалымдар кеңесінің құрылғанын жариялады.

Жас ғалымдар кеңесінің жұмысын Президиум басқарады, оның мүшелеріне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай және Ғылым және техника жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшелері, республикадағы жас ғалымдар ұйымдарының төрағалары, Ұлттық ғылыми кеңес мүшелері, еліміздің ЖОО мен ҒЗИ жас ғалымдары кеңестерінің төрағалары, беделді, жас әрі қалыптасқан ғалымдар енді.

«Жас ғалымдар кеңесі Президиумының жұмысы бөлімшелер бойынша жүргізіліп, аймақтарда өкілдіктері болады. Осылайша, біз Ұлттық ғылым академиясының жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің мәртебесін көтереміз, сәйкесінше ол елдің жетекші жас ғалымдарын біріктіретін және өз қызметі үшін барлық қажетті өкілеттіктерге ие тиімді жұмыс істейтін ұйымға айналады» — деп атап өтті Басқарма Президенті.

Тәуелсіздік жылдарында тұңғыш рет Қазақстан республикасының Ұлттық ғылым академиясында құрылған Жас ғалымдар кеңесінің жұмысына сәттілік тілейміз!