ЗАҢ САЛАСЫНДАҒЫ БЕРІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА БАСТАР ЖАҢА ҚАДАМ

Аталған форумға Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов, Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов, Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали, сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ және өзге де халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Конгресс жұмысына оқу орнымыздың ректоры Жанар Темірбекова да арнайы қатысып, бірқатар маңызды кездесулер өткізді.
Іс-шара аясында университетіміз бен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісім – заң саласындағы білім беру мен ғылыми-зерттеу қызметін тәжірибеге негіздеп дамытуға бағытталған маңызды серіктестік.
Меморандум аясында құқықтық білім беру, бірлескен ғылыми жобалар жүргізу, тағылымдамалар ұйымдастыру және кадрлар даярлау бойынша нақты іс-шаралар қолға алынатын болады. Аталған құжат биылғы оқу жылынан бастап қайта қабылдау жүргізетін Заң факультетінің жаңғыруы мен жүйелі дамуына тың серпін бермек.