СТУДЕНТІМІЗ – ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ!

Шәкіртіміз Ислам Абдулахадов (ғылыми жетекшісі – Сұлтанәлі Айгерім) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі ұйымдастырған «Қаржылық қауіпсіздік» тақырыбындағы Ұлттық олимпиаданың үш кезеңінен сүрінбей өтіп, Халықаралық турға жолдама алды.
Ауқымды зияткерлік додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 1000-ға жуық үздік студент мен магистрант қатысты. Бәсекелестік жоғары болған олимпиадада Ислам өз білімінің тереңдігін, қаржылық сауаттылығы мен логикалық ойлау қабілетін толық дәлелдеп, үздіктер қатарынан көрінді.
Айта кетейік, университет атынан бұл олимпиадаға барлығы 4 студент қатысып, барлығы да өз білімін жоғары деңгейде көрсетті. Соның ішінде Ислам Абдулахадовтың жетістігі – оқу орнымыздың беделін биіктеткен ерекше нәтиже.
Олимпиадаға дайындық барысында Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Балғабаев Ерболат Темірболатұлы студенттерге кеңес беріп, әдістемелік қолдау көрсеткенін ерекше атап өткен жөн. Университет ұжымы атанынан Ерболат Темірболатұлына алғыс айтамыз!
Шәкіртіміздің жеңісі құтты болсын! Халықаралық кезеңде де табысты өнер көрсетіп, биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз!