«ОРХУН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 11 ШЕТЕЛДІК ОҚЫТУШЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

  • 28.05.2025
  • KZ

image

Университетімізге «Орхун» алмасу бағдарламасы аясында 4 университеттен келген 11 оқытушы академиялық ұтқырлық кезеңін сәтті аяқтады. 

Түркі Мемлекеттері Ұйымы жанындағы Түркі Университеттер Одағы (ТҮРКІУО) жүзеге асыратын  бағдарламаның мақсаты –  түркі әлемінің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды нығайту. Бұл жоба әртүрлі академиялық тәсілдермен алмасуға, мәдени байланысты нығайтуға көмектеседі.

«Орхун» бағдарламасы аясында Эге университеті, Ататүрік университеті, Нигде Өмер Халисдемир университеті және Әзірбайжан сәулет және құрылыс университетінен келген академиктер оқу орнымызда түрлі бағыт бойынша білім беріп, жергілікті оқытушылармен тәжірибе алмасты.  Атап айтсақ, шетелдік оқытушылар ағылшын тілі, түрік тілі, сән дизайны, физика, теология және қаржы бөлімдерінде семинарлар өткізді.

Бауырлас Түркия елдерден келген оқытушыларды Қаржы және халықаралық қатынастар вице-ректоры Мустафа Гиритлиоглу арнайы қабылдап, университет атынан алғысын білдіріп, сапарларына сәттілік тіледі.

Бауырлас елдерден келген оқытушыларды Қаржы және халықаралық қатынастар вице-ректоры Мустафа Гиритлиоглу арнайы қабылдап, университет атынан алғысын білдіріп, сапарларына сәттілік тіледі.