МАҢЫЗДЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

  • 03.06.2025
  • KZ

image

Бүгін Алматы қаласында оқу ордамызға қарасты Еуразия ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының қолдауымен «Орталық Азияның тарихи географиясы: уақыт, кеңістік, жады» атты ІІ Халықаралық ғылыми конференциясын өткізуде. Айтулы іс-шара аясында университетіміз бен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арасында меморандум түзілді.

Аталған келісім шартқа ректор Жанар Темірбекова мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Абай Серікқанов қол қойды.

Басты мақсат – ғылым мен білім саласындағы ғылыми қызметтің тиімді дамуына және нәтижелілігін арттыруға, оның мемлекеттің, экономиканың және Қазақстан қоғамының сұранысын арттыруға жәрдемдесу үшін тараптардың жемісті ынтымақтастығын ұйымдастыру. 

Меморандум аясында қос тарап: Мемлекеттің ғылыми-технологиялық және экономикалық саясатының өзара байланысын күшейтуге баса назар аудара отырып, ғылымды және ғылыми-техникалық қызметті, инновацияны, технологияны, білікті мамандар дайындау жүйесін дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтік-құқықтық актілерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және мемлекеттік органдарға енгізу; Ғылымды насихаттауға ықпал жасау және Қазақстанда ғылым мен технологияларды насихаттау әдістемесін әзірлеу; Мамандандырылған, өңірлік және халықаралық конгрестер, конференциялар мен симпозиумдар, семинарлар, көрмелер, кеңестер, тиісті кадрлар даярлау, қызметтің ғылыми және ғылым технологиялар саласындағы жоғары білікті кадрлар өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру тараптарының өзара келісімі бойынша ұйымдастыру және өткізу сынды өзге де игі бастамаларға мұрындық болуға келісті.