«ҰЛТТЫҚ РӘМІЗДЕР – ПАТРИОТИЗМНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

  • 04.06.2025
  • KZ

image

Оқу ордамызда 4-маусым – «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне» орай Экономика, басқару және құқық факультеті, Құқықтану кафедрасының бастамасымен «Ұлттық рәміздер – патриотизмнің қайнар көзі» атты дөңгелек үстел өтті. 

Басты мақсат – жас ұрпаққа мемлекеттік рәміздердің мән-мағынасын ұғындыру, елдік сана мен отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру.

Жиынды ашып берген Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов айтулы күнмен баршаны құттықтап, ыстық лебізін білдірді.

Іс-шара барысында Құқықтану кафедрасының оқытушысы, PhD М.Иманбекова «Мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі: құқықтық талаптар мен шектеулер» атты баяндамасын оқыды. Ту, Елтаңба және Әнұранның тарихына шолу жасап, құқықтық шектеулері мен заңдық талаптары жайлы мағлұматтар берді.

Сонымен қатар, жас маман, Құқықтану мамандығының 2-курс магистранты С.Баймаханның «Менің елімнің рәміздері – менің жүрегімде» атты баяндамасы білімгерлерді ұлттық патриоттыққа тәрбиелейтін маңызды дүниелерді қамтыды. Баяндама аясында Рәміздердің авторлары мен символдық мағынасы жайында пікір алмасу жүріп, қызу талқыланды.