УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ БОКСШЫЛАРЫ XIII ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДАДА ТОП ЖАРДЫ

  • 13.06.2025
  • KZ

image

Түркістанда өтіп жатқан ХІІІ Жазғы универсиада ойындарында университетіміздің боксшылары жоғары нәтиже көрсетті. Былғары қолғап шеберлері 7 алтын, 4 күміс және 8 қола медаль иеленіп, айқын басымдықпен көш бастады. 

Атап айтсақ, ерлер құрамасы 4 алтын, 1 күміс және 2 қола медальді қанжығасына байлады. Осылайша командалық есепте 1-орын иеленіп, қанжығаға тағы бір алтын байлады. 

Ал қыздар құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 6 қола медальмен жалпы командалық есепте 2-орынға тұрақтап, қоржынға тағы бір күміс салды.

Университетіміздің боксшылары бұған дейін де түрлі деңгейдегі жарыстарда топ жарып жүр.