УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ БАЛУАНДАРЫ ХІІІ ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДАДА ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

  • 13.06.2025
  • KZ

image

ХІІІ Жазғы универсиада ойындарында университетіміздің спортшылары қазақ күресінен жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді.

Атап айтсақ, елер құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте 2-орынды, яғни күміс жүлдені иеленді.

Қыздар командасы да 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медальмен жалпы есепте екінші орынға тұрақтады. Осылайша жүлделер қатары тағы бір күміспен толықты.

Жалпы қазақ күресінен университет қоржынына 3 алтын, 4 күміс, 6 қола медаль түсті.