МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

  • 16.06.2025
  • KZ

image

Университетімізде Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Оған денсаулық сақтау саласының ардагерлері, үздік дәрігерлер мен мейірбикелер, түрлі медицина мекемелерінің өкілдері қатысты.

Жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев оқу ордамыздың медицина саласында еңбек етіп жүрген оқытушы-профессорлар қауымын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің атынан арнайы марапаттады. 

Атап айтқанда, қоғамдық денсаулық сақтау саласының жоғары білікті мамандарын даярлау барысында абыройлы қызмет атқарып, білім беруде және ғылыми іс-шараларға белсенді араласып, өз істерінде біліктілік танытып жүрген мамандар мемлекеттік дәрежедегі Алғыс хаттар мен төсбелгілерге ие болды.

Олардың қатарында, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісіне Ғылым және стратегиялық даму вице-ректоры, «Қоғамдық денсаулық сақтау және ғылыми зерттеулер» кафедрасының доценті Айнаш Ошибаева ие болды. Дәл осы төсбелгімен б.ғ.к., «Қоғамдық денсаулық сақтау және ғылыми зерттеулер» кафедрасының аға оқытушысы Ғалия Асанова мен магистр, «Ішкі аурулар» кафедрасының аға оқытушысы Гүлнара Ильясова да марапатталды.

Сонымен қатар, магистр, «Фундаментальды ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы Мұрат Шегебаев пен м.ғ.к., «Хирургиялық аурулар» кафедрасының аға оқытушысы Ибадулла Турметов және х.ғ.к., доцент, «Фундаментальды ғылымдар» кафедрасының доценті Айжан Мамырбекова, б.ғ.к., «Фундаментальды ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы Дайраш Имановалар Денсаулық сақтау саласындағы еңбегі мен еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

Қоғамдағы маңызды саланың бірі - денсаулық сақтау саласында тер төгіп жүрген жандарды университет ректоры Жанар Темірбекова да қабылдап, алғысын айтты.