УНИВЕРСИТЕТІМІЗ THE IMPACT RANKINGS 2025 РЕЙТИНГІНДЕ ТАҒЫ ДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

2025 жылғы нәтиже бойынша университетіміз жалпы балын 49,8-ден 60,8-ге дейін арттырды. Бұл нәтиже - БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) білім беру, ғылым және басқару процестеріне табысты енгізудің нақты нәтижесі.
Айта кетейік, THE Impact Rankings рейтингінде жоғары оқу орындары сапалы білім беру, денсаулық сақтау, климаттық әрекет, серіктестік пен басқа да бағыттар бойынша бағаланады. Біздің университетіміз 3-мақсат (Денсаулық және игілік) және 4-мақсат (Сапалы білім беру) бағыттары бойынша 601–800 орындық топқа енген.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті тұрақты даму бағытында бірнеше маңызды бастамаларды жүзеге асырып келеді. Атап айтсақ:
халықаралық және аймақтық серіктестік байланыстарды кеңейту;
қоғамға бағытталған білім беру және ғылыми бағдарламаларды дамыту;
экологиялық және әлеуметтік жауапты басқару тәжірибелерін енгізу.
Аталған көрсеткіштер университеттің жаһандық тұрақты даму күн тәртібіне белсенді үлес қосып отырғанын және 2024–2029 жылдарға арналған даму бағдарламасының негізгі басымдықтарымен толық сәйкес келетінін көрсетеді.
Халықаралық рейтингке енуімізге және Қазақстандағы жетекші университеттер қатарынан көрінуімізге атсалысқан барлық әріптестерімізге алғыс айтамыз!
Ортақ мақсат пен мүдде аясында күш-жігерімізді біріктіре отырып, бұдан да жоғары жетістіктерге жете алатынымызға сенеміз! Оқу орнымыздың бағындырар белестері көп болсын!