«BILIG» ЖУРНАЛЫ САЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР РЕЙТИНГІНДЕ Q3 ДЕҢГЕЙІНЕ КӨТЕРІЛДІ

Social Sciences Citation Index (SSCI) базасына енген журналымыз «Bilig» Салалық зерттеулер (Alan Araştırmaları) санатындағы рейтингте Q3 деңгейіне көтерілді.
Айта кетейік, «Bilig» журналы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанынан 1996 жылдың ақпан айынан бастап ғылыми-мәдени басылым ретінде жарық көріп келе жатыр. Журналдың редакциялық алқасы әлеуметтік ғылымдардың әртүрлі салаларындағы жетекші мамандардан құралған.
Түркі әлеміндегі әлеуметтік ғылымдар саласында SSCI (Social Sciences Citation Index) дерекқорында индекстелетін санаулы журналдардың бірі саналатын «Bilig» 2008 жылдан бері SSCI-дің Area Studies (Аймақтық зерттеулер) бағыты бойынша индекстеліп келеді.
Журналдың ғылымдағы жетістіктеріне үлес қосқан авторларымызды, рецензенттерімізді және редакция алқасын шын жүректен құттықтай отырып, алғыс білдіреміз!