СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

  • 23.06.2025
  • KZ

image

18-23 маусым күндері Вьетнамның Вунгтау қаласында 17-23 жас аралығындағы спортшылар арасында күрестен Азия чемпионаты өтті. Грек-рим еркін және әйелдер күресінен спортшыларымыз жүлдегер атанды.

Спорттық бәсекеде белдескен спортшы студентіміз Ернар Шілдебай 86 кг салмақ дәрежесінде күміс медальді қанжығасына байлады. Осылайша, балуан Ернар еліміздің мерейін асқақтатты.

Ал, әйелдер арасынан Тыныс Дубек 62 кг салмақ бойынша қола медальді еншіледі.

Әлемдік спорттық сайыста Қазақстанның намысын қорғаған спортшыларымыздың жеңісі құтты болсын!