❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ОРДУ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ІССАПАРМЕН БАРДЫ

  • 31.07.2025
  • KZ
  • 128

image
Оқу ордамыздың ректоры Жанар Темірбекова Түркияға жасаған жұмыс сапары аясында Орду университетінің ректоры, профессор доктор Орхан Башпен кездесті.
Кездесу Орду университетінің «Республика» кампусында өтті. Қос тарап оқу орнының зертханалары мен құрылымдық бөлімшелерін аралап, білім және ғылым саласындағы тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талқылады.
Ректор Орхан Баш Орду университетінің стоматология саласындағы жетістіктері мен инновациялық жобаларына ерекше тоқталып, бұл бағытта халықаралық деңгейде бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
Басқосу барысында екіжақты академиялық ынтымақтастықты кеңейту, студенттер мен оқытушылар арасындағы ұтқырлық бағдарламаларын дамыту, сондай-ақ денсаулық сақтау мен тіл біліміндегі бірлескен ғылыми жобалар жүргізу мәселелері қарастырылды.
Жанар Темірбекова Орду университетімен орнаған байланысқа жоғары баға беріп, осы оқу орнында ұзақ жыл еңбек етіп, бүгінде Ахмет Ясауи университетінің Филология факультетінің деканы қызметін абыроймен атқарып жүрген Абдулкадир Өзтүрік сынды білікті мамандарды даярлағаны үшін алғысын білдірді.
Сапар қорытындысында ректор түркі әлемінің жоғары оқу орындары арасындағы байланысты бекемдеуге бағытталған ортақ бастамаларға қолдау білдіретінін айтты.