❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

GIRESUN УНИВЕРСИТЕТІМЕН БАЙЛАНЫС НЫҒАЯДЫ

  • 01.08.2025
  • KZ
  • 141

image
Университетіміздің ректоры Жанар Темірбекованың Түркияға жұмыс сапары барысында Giresun Üniversitesi-нің ректор өкілі, профессор доктор Хүсейін Шахинмен кездесті.
Кездесуге Giresun Üniversitesi проректоры, профессор доктор Эмел Узуноғлу, ректор кеңесшісі профессор доктор Эрен Баш және бас хатшы Ахмет Тевфик Коркмаз қатысты.
Басқосу барысында қос оқу орны арасындағы академиялық және институционалдық әріптестік мүмкіндіктері талқыланып, болашақтағы ортақ жобалар бойынша жоспарлар жасалды.
Giresun университеті – Қаратеңіз аймағындағы қазақстандық студенттер саны ең көп жоғары оқу орны. Мұнда Орталық Азиядан шамамен 1500 студент білім алуда.
Профессор Хүсейін Шахин Giresun өзара ынтымақтастыққа қызығушылық танытқаны үшін Жанар Темірбековаға алғысын білдірді
Кездесуден кейін оқу орнымыздың ректоры аталған университетте білім алып жатқан қазақстандық студенттермен жүздесіп, еркін форматта сұхбаттасып, естелік суретке түсті.