❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУШІ ҮМІТКЕРЛЕРМЕН ӘҢГІМЕЛЕСУ ЕМТИХАНЫ БАСТАЛДЫ

  • 05.08.2025
  • KZ
  • 328

image
2025–2026 оқу жылының қабылдау науқаны аясында оқу орнымызда Философия докторы (PhD) бағдарламасы бойынша оқуға түсуге ниет білдірген үміткерлермен әңгімелесу кезеңі басталды.
 PhD бағдарламасына өтініш қабылдау кезеңі 2025 жылғы 3 шілде мен 3 тамыз аралығында жүргізілді. Аталған кезеңде университеттің 12 білім беру бағдарламасы бойынша 80 үміткер құжат тапсырды.
 
Докторантураға түсу емтиханы үш негізгі блоктан тұрады:
1️⃣ Әңгімелесу – 30 балл
Бұл кезең 2025 жылғы 5–6 тамыз аралығында өтуде. Үміткерлермен әңгімелесу ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта жүргізіліп жатыр. Әңгімелесуді жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының арнайы құрылған емтихан комиссиясы өткізеді.
2️⃣ Эссе жазу – 20 балл
3️⃣ Білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша тест тапсырмаларына жауап беру – 50 балл
Аталған екі блок бойынша емтихандар 2025 жылғы 14–20 тамыз аралығында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығының базасында өткізіледі. Үміткерлер емтихан тапсыру орнын өз өтініші бойынша таңдаған қалада орналасқан аумақтық тестілеу орталықтары арқылы тапсырады.
 Эссе жазу және бейіндік емтихан тапсырмалары бойынша нәтижелерді университет жанынан құрылған арнайы сараптамалық комиссия тексеріп, бағалайтын болады.
 Мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында докторантураға қабылдану үшін үміткерлер кемінде 75 балл жинауы тиіс. Түсу емтихандарының нәтижесі бойынша талапкерлер конкурстық негізде қабылданады.
 Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуға бағытталған бұл бағдарлама ғылым мен білімнің заманауи талаптарына сай келетін, ғылыми-зерттеу қызметінде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды көздейді.
Ахмет Ясауи университеті атынан барша үміткерлерге сәттілік тілейміз!