Университетіміздің профессорлық-оқытушылық құрамы мен ғылыми қызметкерлері 2025–2027 жылдарға арналған ғылыми жобалар байқауында жоғары жетістікке жетті.
Ұлттық ғылыми кеңестің шешімімен университетіміздің 9 ғылыми жобасы мақұлданып, жалпы 893 миллион теңгеден астам қаржыландыруға ие болды.
Атап айтқанда, гранттық қаржыландыру конкурсына 23 өтінім беріліп, 578 908 834,36 теңге көлеміндегі 8 жоба жеңімпаз деп танылды.
Ал бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша 315 000 000 теңге көлеміндегі 1 жоба қолдау тапты.

ЖОБА ЖЕТЕКШІЛЕРІ МЕН ҒАЛЫМДАРЫМЫЗ:

Бахтыбаев Мэлс

Ортағасырлық Сығанақ қаласының некрополінде кешенді археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу

Мургабаев Сағынбай

Қаратаудың жартасқа салынған суреттерін ежелгі тұрғындардың дүниетанымы тұрғысынан зерттеу

Полатұлы Серік

Кітапхана қызметі мен STEM білімнің интеграциясы негізінде болашақ мұғалімдердің ғылыми-зерттеушілік құзыреттілігін дамыту

Исаев Ғани

PISA негізінде оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру әдістемесін әзірлеу (Түркістан облысы мысалында)

Ниязова Гүлжан

Жасанды интеллект негізіндегі геймификациялық цифрлық орта арқылы жаратылыстану пәндерін оқытуды дербестендіру

Цхе Валентин

Сутегін сақтау мен тасымалдауға арналған палладий негізіндегі наноқұрылымды металл гидридтерін әзірлеу және зерттеу

Садықова Қарлығаш

Метаболизмдік синдромы бар науқастардың тіс денсаулығына генетикалық маркерлердің, иммундық статустың және минералды алмасудың әсері

Беркімбаев Камалбек

(Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы)
Креативті тәрбие мен STEM білімді интеграциялау арқылы оқушылардың икемді дағдыларын қалыптастыру

Саидахметов Пулат

Газ турбиналық қозғалтқыштардың қалақтарына квазикристалды жабынды жасау және зерттеу
(Өкінішке қарай, ғалымның мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты бұл жобаны өзге жетекші жалғастырады)
Бұл жобалар археология, жаратылыстану, педагогика, инженерия, медицина және цифрлық білім беру бағыттарындағы өзекті мәселелерді қамтып отыр.
Ғалымдарымыздың бұл жетістігі университетіміздің ғылыми әлеуетінің артуын, сонымен қатар ұлттық және халықаралық деңгейдегі зерттеулердің дамып жатқанын көрсетеді
Университет ұжымы атынан ғалымдарды шын жүректен құттықтап, жаңа табыстар тілейміз!