❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

УНИВЕРСИТЕТ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ МЕН ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСУДА

  • 21.08.2025
  • KZ
  • 407

image

Өзбекстанның Ташкент қаласы, Сингапурлық менеджмент және туризмді дамыту институтында –  «International Youth Tourism Festival 2025» атты Халықаралық фестиваль  өтіп жатыр. Дәстүрлі түрде өтетін айтулы іс-шарға еліміздің атынан университетіміздің қызметкерлері қатысуда. 

Айта кетейік, фестивальді Сингапур менеджмент және туризмді дамыту институты, Халықаралық Ислам академиясы, Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті және Қоқан университеті бірлесе ұйымдастырды. Іс-шараға қатысу үшін АҚШ, Түркия,  Индия, Әзірбайжан, Индонезия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мемелкеттерінің өкілдері арнайы келді.

Қазақстанның атынан барған университет өкілдерінің қатарында: Ясауитану ғылыми-зерттеу институтының директоры, қауымдастырылған профессор (доцент) м.а Бауыржан Сайфунов, Дінтану кафедрасының меңгерушісі, PhD, аға оқытушы Фэриде Камалова, Ясауитану ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD, аға оқытушы Мұхит Төлегенов, Халықаралық байланыстар департаментінің бас маманы Рахнама Пайзиметова мен департаменттің жетекші маманы Үсен Жұмамұратұлы және  Туризм мамандығының 3-курс студенті Юлдуз Набиева бар. 

Сингапур менеджментті дамыту институтының Ташкенттегі филиалы (СИРМТ) мұндай форумдар фестивальге қатысушылар мен қонақтарға Өзбекстандағы туризм мен қонақжайлылық саласының дамуы туралы жан-жақты ақпарат беріп, олардың қызығушылығын арттыратынына сенім білдірді.

Аталған халықаралық алаң – жастардың туризм саласындағы жаңа бастамаларына серпін беріп қана қоймай, елдер арасындағы достық пен мәдени байланысты тереңдетуге, сондай-ақ жоғары оқу орындардың да  ынтымақтастығын нығайтуға ерекше үлес қосты.