2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ СЕНАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Басқосуда күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша баяндамалар жасалды. Ең алдымен, Сенат хатшысы Айман Абибуллақызы 2025-2026 оқу жылындағы Сенат және Басқару Кеңесінің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мен Сенаттың 2025-2026 оқу жылындағы жұмыс жоспарын бекіту туралы айтты.
Сондай-ақ, Университет ОПҚ-ның құжаттарын ғылыми атақ алу үшін ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне ұсыну, Факультет және кафедра атауы мен құрамын бекіту, 2024-2025 оқу жылында білімін аяқтай алмаған білім алушылар үшін 2025-2026 оқу жылына жасалған Академиялық күнтізбесін бекіту, 2024-2025 оқу жылының 2-семестр нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған стипендияға үміткерлерді ұсыну, Академиялық департамент тарапынан әзірленген университет ережелеріне өзгеріс енгізу сынды т.б маңызды мәселелер қаралды.