Студенттер күніне тарту

  • 20.11.2023
  • KZ

image

Бүгін Спорт және өнер факультетінің «Актерлық өнер» мамандығының студенттері «17 қараша – Халықаралық студенттер күні» мерекесіне орай ерекше тарту жасады.

Болашақ актерлер Мәдениет орталығында «Сақ болыңыздар, Әйелдер» атты комедиялық қойылымды сахналады. Жас өнерпаздардың шеберлігін тамашалауға келген көрермендер қатары көп болды. Өз кезегінде, «Актерлық өнер» мамандығының 4 курс студенттері өз рөлдерін жоғары деңгейде алып шығып, көпшіліктің қошаметіне ие болды.

Айта кетейік, «Сақ болыңыздар, Әйелдер» атты комедиялық француз спектаклінің қоюшы режиссері – Асылзат Өтжанқызы, ал қоюшы балетмейстер – Малика Мухаммеджанова.

Қойылым соңында университет ректоры жас актерлерге қолдау көрсетіп, ықылас гүлін табыс етті.