СТУДЕНТІМІЗ – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Асылжан Хорватия астанасы Загреб қаласында өткен байрақты бәсекеде 61 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады. Әрбір кездесу тартысты өтіп, қола жүлде үшін өткен белдесуде америкалық балуаннан айласын асырды.
Осылайша, Асылжан Түркістан облысының еркін күрес тарихында ересектер арасында әлем чемпионатынан жүлде алған алғашқы спортшы атанды.
Айта кетсек, Асылжан жастар арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Енді ересектер бәсекесінде де тұғырдан көрінуі – оның еңбегінің, талпынысы мен табандылығының нәтижесі
Университет ұжымы атынан Асылжанды және бапкерлерін шын жүректен құттықтап, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіреміз!