❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

«ТАЗА ТАБИҒАТҚА БІРГЕ ҚАДАМ» АТТЫ МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯ ӨТТІ

  • 29.09.2025
  • KZ
  • 282

image

Экономика және басқару факультеті, «Туризм» мамандығының 3-4 курс студенттері мен оқытушылары Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне  мәдени-танымдық экскурсия жасады. Студенттер игі бастаманы 27 қыркүйек – Халықаралық туризм күніне орай ұйымдастырды.

Басты мақсат – студенттердің тұрақты туризм қағидаттарын тәжірибе арқылы меңгеруіне ықпал етіп, кәсіби дағдыларын жетілдіру. 

Экскурсия барысында студенттер ұлттық парктің табиғи әсемдігімен танысып қана қоймай, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бастамасын қолдау мақсатында ОПҚ-мен бірге парк аумағындағы қоқыстарды жинады. Осылайша білімгерлеріміз экологиялық мәдениетті насихаттауға өз үлестерін қосты. 

Айтулы экскурсия студенттердің кәсіби тәжірибесін арттырумен қатар, қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты туризмді дамытудағы белсенділігін айқындады.