№7 СЕНАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

  • 28.02.2024
  • KZ

image

Бүгін университетімізде №7 Сенат мәжілісі өтті. Жиынға Сенат мүшелері, құрылымдық бөлім басшылары, оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.

Басқосу әдеттегідей университетіміздің оқытушы-профессорлар құрамын марапаттау және мерейтойларымен құттықтау рәсімімен бастау алды.

Университет ректоры Жанар Темірбекова Түлектер қауымдастығының атқарушы директоры Мәриям Асанованы 50 жас мерейтойымен құттықтап, сый-сияпаттар табыстады.

Бұдан әрі күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша баяндамалар жасалды. Ғылым және стратегиялық даму вице-ректоры Айнаш Ошибаева «2023 күнтізбелік жылындағы ғылым саласының Стратегиялық және индикативті көрсеткіштері бойынша» есеп берді.

Сондай-ақ, Қорытынды аттестаттау комиссиясы төрағаларының есебін бекіту, Магистранттар мен докторанттардың тақырыптары мен ғылыми жетекшілерін бекіту және өзгерістер мен толықтырулар енгізу, 2024-2025 оқу жылына білімгерлерді қабылдау үшін қабылдау комиссиясының құрамын бекіту, Магистранттар мен докторанттардың тақырыптары мен ғылыми жетекшілерін бекіту және өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және т.б маңызды мәселелер қаралды.