❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

І-ші Түлектер форумы өтті

  • 14.10.2022
  • KZ
  • 695

image

Аптаның ең маңызды оқиғаларының бірі – «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» атты университетіміздің 30 жылдық мерейтойына орай өткізілген Түлектер форумы. Шараға бүгінгі таңға дейін университет қабырғасында білім алған түлектер мен ардагер ұстаздар, студент жастар қатысты. Естелікке толы оқиғалар айтылып, кездесулер әсерлі өтті. 

Оқу орнымыздың 30 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шара толық бір күнге созылды. Күндізгі бөлікте Түлектер Аллеясы ашылып, оған көшеттер отырғызылды. Сондай-ақ, форум аясында «Тарих – ғасырлар куәсі» тақырыбымен шығармашылық фотокөрме, пресс-брифинг және шараның ашылу салтанаты өтті.