❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

"Turkistan" медиа холдингі базасында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу-студиялық дәрісханасы ашылды.

  • 27.10.2023
  • KZ
  • 115

image
ЕНДІ ДӘРІСТЕР ТЕЛЕАРНАДА ДА ӨТЕДІ
"Turkistan" медиа холдингі базасында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу-студиялық дәрісханасы ашылды.
Мұнда Журналистика кафедрасының студенттері дуальды білім беру жүйесі бойынша практикалық дәрістер оқиды. Енді білімгерлер телекамера мен микрофонды қолдарына ұстап, сюжет түсіріп, монтаж жұмыстарына қатысып, хабар жасау технологиясын тікелей өндірісте игеретін болады.
Кеше осы дәрісхананың таныстырылымы өтіп, университет ректоры Жанар Темірбекова мен медиа холдинг директоры Жанахмет Ағыбаев тұсаукесер лентасын қиып, екіжақты келісім-шарт құжаттарына қол қойды.
Шараға оқу орнының оқытушы-профессорлары мен БАҚ өкілдері, "Түркістан" телеарнасында қызмет етіп жүрген бұрынғы түлектер, жоғары курс студенттері қатысты.
Таныстырылым соңы жаңа дәрісханадағы алғашқы дәріске ұласты.
Түркістан телеарнасында университетіміздің журналистика мамандығының түлектері абыройлы қызмет етуде. Барша ұжымға құтты болсын айтамыз!