❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

ҒЫЛЫМ МЕН ӨНДІРІС: КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

  • 24.10.2025
  • KZ
  • 82

image

Бүгін Ахмет Ясауи университетінің Коммерцияландыру офисі мен Түркістан облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бірлесе отырып, кәсіпкерлік палатаның базасында «Ғылым мен өндіріс: коммерцияландырудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.                                                                                                                             

Іс-шараның басты мақсаты – ғылым мен бизнесті тоғыстырып, жаңа серіктестік алаңын құру.

Кездесу барысында ғалымдар өздерінің зерттеу жобаларын таныстырып, кәсіпкерлермен бірлесіп оларды өндіріске енгізу мен коммерцияландыру мүмкіндіктерін талқылады. 

Пікір алмасу нәтижесінде бірқатар жаңа идеялар мен серіктестік бастамалар ұсынылды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ғылым мен өндіріс арасындағы өзара байланыс нығайып, өңірлік инновациялық экожүйені дамытуға жаңа серпін берілді.

Университетпен Атамекен палатасы алдағы уақытта да ғылыми нәтижелерді экономикалық құндылыққа айналдыру бағытында бірлесе жұмыс істеуді жалғастыратын болады.

Ғылым мен бизнес — дамудың басты күші!