ЛИНГВИСТИКА ОРТАЛЫҒЫ ҮШІН ЖАҢА КӨКЖИЕКТЕР АШЫЛАДЫ

  • 02.03.2024
  • KZ

image

Оқу ордамызда өткен «Қазақ тілі – ғылым тілі: дәстүр және инновация» симпозиумы аясында арнайы келген Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Мақпал Құрманжанқызы Жұмабай Лингвистика орталығымызға арнайы ат басын бұрды.

Маңызды кездесуге Филология факультетінің деканы Абдулкадир Өзтүрк, Лингвистика орталығының директоры Толга Байындыр, Дайындық тіл үйрету орталығының директоры Армаған Зөхре және университет оқытушы-профессор құрамы қатысты.

Алдымен қонақтарымызға алғыс білдіріліп, жақында жасалған өзара ынтымақтастық меморандум аясында сөз қозғалды. Өз кезегінде Мақпал Құрманжанқызы орталықтың жұмысы жайлы қысқаша мәлімдеме жасап, орталықтың артықшылықтары мен басым тұстарын атап өтті. Сонымен қатар, әртүрлі ұжымдық жұмыстарға ашық екенін айтып, бағыттары бойынша топтарға Ясауи университетінің ғалым мамандарының да өз үлестерін қосатынына сенім білдірді.

Филология факультетінің деканы Абдулкадир Өзтүрк сөз алып, қонақтарға меморандум аясында жасалатын жұмыстарды таныстырды. Келешекте академиялық ұтқырлық бағдарламаларымен қатар, тәжірибе алмасу секілді істердің де басты назарда екенін тілге тиек етті.

Лингвистика орталығы директоры Толга Байындыр орталық жұмысы мен ерекшеліктерін таныстырды.

Ал, Дайындық тіл үйрету орталығының директоры Армаған Зөхре жетістіктерімен қатар, оқу ордасы ұсынатын мол мүмкіндіктерді баяндады.
Басқосуда көптеген мәселелер қозғалып, ұсыныс пен пікірлер тыңдалды.

Тараптар келешекте жұмыс топтарын құрып,ғылымның игілігі үшін жұмыс істеп, жобалар әзірлеп, келелі істерді бірлесе атқаруға келісті.

Кездесу соңында орталық бас директоры Мақпал Жұмабай қонақжайлық танытқан университет басшылығына мен ұжымына өз ризашылығын жеткізді.