УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕГІ ЛИДЕРЛІК ЛЕКЦИЯ ӨТТІ

  • 07.03.2024
  • KZ

image

Университетіміздің Түлектер қауымдастығының ұйымдастырумен лидерлік лекция өтті.

Лекцияны «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ-ның президенті, «Монополияға қарсы сарапшылардың Еуразиялық Альянсы» ҚБ төрағасы, «Атамекен» ҰКП бәсекелестікті жөніндегі кеңесінің мүшесі, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі, э.ғ.к. Алдаш Айтжанов Тұрдықұлұлы жүргізді.

Экономика, басқару және құқық факультетінің студентеріне арналған шараны Түлектер қауымдастығының атқарушы директоры-координаторы Мәриям Асанова бастап, Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Асқар Тұрғанбаев ашып берді. Вице-ректор бұл жиынның студенттер үшін ғана емес, қоғам үшін өте маңызды екенін атап өтті.

«Монополияға қарсы заңнамалар негіздері, бұзушылықтарды тергеу және бұзғаны үшін жауапкершілік» және «Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың қызметін монополияға қарсы заңнамамен реттеу» тақырыптары бойынша оқыған лекция барысында қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды. Студенттерге жатық тілде, қарапайым мысалдармен негізгі заңнамалар түсіндірілді

Лекцияға Түркістан облыстық Монополияға қарсы департамент басшылары да қатысты. Алдаш Тұрдықұлұлы тарапынан студенттерге көшбасшы ретінде осы сала бойынша практикадан өтуге, дипломдық жұмыстарға жетекшілік етуге, ғылымға бағыттауға қолдау көрсетуге дайын екендігін және университетпен тығыз байланыс орнатуды тоқтатпайтынын атап өтті.

Іс-шара соңында қонағымыз Алдаш Айтжановқа университет тарапынан сый-сияпат табысталды.
Біздің түлек-біздің мақтанышымыз!